1 шілдеден бастап Түркияда комендаттық сағаттың күші жойылады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 17:23 pixabay.com
Түркия жұмыс күндері сағат 22.00-ден бастап күшіне енетін коменданттық сағаттың, сондай-ақ жексенбідегі локдаунның күшін жойды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі бірқатар шектеулердің алынып тасталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Hurriyet газетінің хабарлауынша, Түркия жұмыс күндері сағат 22.00-ден бастап күшіне енетін коменданттық сағаттың, сондай-ақ жексенбідегі локдаунның күшін жойды.

1 шілдеден бастап қалааралық және қалалық қоғамдық көліктердің қатынасына жол ашылады.

Сәуір айында коронавирус инфекциясының жиілеуіне байланысты бұл елде тәулік бойғы коменданттық сағат енгізілді.

Пандемия басталғаннан бері Түркияда коронавирус инфекциясының 5 370 299 жағдайы анықталды, 49 185 адам қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: