Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда ұятсыз картинаны көрсеткен телеарна дауға қалды

gazeta.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 22:27 gazeta.uz
Телеарна басшылығы "ұят көріністер үшін" бір қызметкерді жазалағанын хабарлады.

Өзбекстандағы балалар мен жасөспірімдердің "Аклвой" телеарнасы осы аптада жаңа қызметкер алатынын жариялады. Қызметкер "материалдардан өзбек менталитеті мен рухына қайшы суреттер мен көріністерді іздеумен" шұғылданады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Телеарнаның бір қызметкері осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, мұндай қызмет "Sevimli" және "Zu'r TV" телеарналарында бар.

Біз қосымша тағы бір қызметкер жалдадық. Ол біздің рухымызға сәйкес келмейтін көріністерді қиып тастаумен айналысады, - дейді телеарна қызметкері.

Бұның алдында "Аклвой" телеарнасының бір қызметкері "ұят көріністер көрсеткені үшін" жазаланған.

Осы телеарнада көрсетілген "Шахерезада" және "Арт - Одиссея" мультсериалдары әлеуметтік желі қолданушылардың сынына ұшыраған.

"Арт – Одиссея" мультфильмінде Қайта өркендеу дәуірінің суретшісі Сандро Ботичеллидің (1445-1510) "Венераның дүниеге келуі" туындысы көрсетілген. Өзбек көрермендерінің сынына ұшыраған "Арт-Одиссея" мультфильмі бұған дейін әлемнің ондаған елінің балалар арналарында көрсетілген.

Бұған қоса, Өзбекстандағы көрермендердің бірқатар Алладин мен ханшайымның сүйісуін көрсетуге қарсы шыққан. Бұл мультфильмді де "Аклвой" телеарнасы көрсеткен.

Қоғам сынынан соң, телеарна басшылығы "ұят көріністер үшін" бір қызметкерді жазалағанын хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: