Алматының "Алтын Орда" көлік айрығын жөндеу қазанда аяқталуы мүмкін

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 20:40 primeminister.kz
А. Мамин көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында "Алтын Орда" базары маңындағы көлік айрығы – "Алматы-Бішкек" автомобиль жолының 16-19 км учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді, негізгі магистральдық эстакаданы, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасын, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды көздейді.

Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.

"Көлік айрығын осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысы арасындағы көлік қатынасын жақсартады", –деді А. Мамин.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: