Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда құрылыс заттары тағы қымбаттап жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2021 21:37 zakon.kz
Біз 40 пайызын Ресейден әкелеміз. Ресейдің өндірушілері Еуропа мен Қытайға тасуда.

Елімізде құрылыс материалдары тағы да қымбаттай түсті. Сарапшылардың сөзінше, нарық өзін-өзі реттемесе, баға өсе бермек. Ал индустрия министрлігі құрылыс заттарын өндіретін отандық кәсіпорындардың жұмысы қарқынды дейді. Бірақ баға неге өсті?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғыны Рамазан Қайрат биыл үй салып, қар түскенше баспанама кірсем дегендердің бірі. Бар жиған-терген ақшасын құрылыс заттарын сатып алуға жұмсапты. Алайда мен жоспарлағаннан да көп қаржы кетіп жатыр, дейді. Өйткені үй тұрғызуға қажет дүниелер қымбаттап кеткен.

Рамазан Қайрат, Қоянды тұрғыны:

Мен бұл үйге биыл кірем бе деп ойлап едім, 12 млн-мен. Санағам өзім, былтырғы есеппен санағанда. Биылғы есеппен санап едім, міне, шатырына жаппай жатып 4 млн кетті, осы уақытқа дейін. Үйді бітіргенге дейін 25 млн-ға жақын ақша кететін сияқты, іші-сыртын бәрін бітіргенде. Бір Камаз ұсақ құмдар 70 мың теңге, былтыр 35-40, ең көп дегенде 40 мың болатын.

Құрылыс дүкендері заттардың қымбаттағанын растады. Оған шикізат құнының өсуі себеп дейді. Мысалы биыл 50 келілік цемент 15 пайызға қымбаттапты.

Темірлан Ырзаханов, құрылыс дүкенінің менеджері:

Біздің желі зауыттармен тікелей келісімшарт жасайды. Бағаның өсуін төменгі деңгейде ұстап отыр. Негізгі тауарлардың бағасы 15 пайыздан аспайды. Бірақ бағалар логистика мен шикізат бағасының өсіне байланысты өзгеріп отыр. Мысалға қазір цементтің бағасы 2 600 теңге. Бір ай бұрын 2 165 теңге болған.

Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, болат арматура 45 пайызға, темірбетон конструкциялар 25 пайызға, қалған материалдар орта есеппен 15 пайызға қымбаттапты. Ал статистика комитетінің дерегінде 2020 жылы маусымда арматуранның тоннасы 202 407 теңге болса, биыл маусым айында 376 422 теңгеге жеткені айтылған. Сондай-ақ, қою езілген бояудың тоннасы былтыр 697 182 теңге болса, биыл үстіне 300 мың теңге қосылған. Ал жайма болаттардың бағасы 284 886 теңгеден 558 449 теңгеге жеткен.

Қазақстан құрылысшылар одағының президенті Талғат Ерғалиев құрылыс құнының өсуін теңгенің құнсыздануымен байланыстырды.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының президенті:

Біріншіден, былтырға қарағанда теңгенің құлдырауы 35 пайыз. Сондықтан сырттан келетін 60 пайыз құрылыс материалдарына әсер береді. Екіншіден, бүкіл әлемде құрылыс заттары қымбаттап жатыр. Біз 40 пайызын Ресейден әкелеміз. Ресейдің өндіруші зауыттары көбінесе Еуропа мен Қытайға тасып жатыр.

Сондай-ақ, сарапшы елімізде өндіріс көлемінің аз болуы да бағаға әсер ететінін айтады. Дегенмен, жауапты министрлік отандық өндірушелердің жұмысы қарқынды, деп сендірді.

Мөлдір Мақышева, ҚР ИИДМ Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Отандық өндірушілер ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуде. Олар – цемент, кірпіш, құрғақ құрылыс қоспалары, темірбетон бұйымдары секілді материалдармен қамтамасыз етілуде. Ал, 11 позиция бойынша отандық өндірушілер сұранысты шамамен 50% көлемде қамтамасыз етуде. Олар: жылу оқшаулағыш материалдар, кабель, арматура, пластикалық құбырлар, кәрізге арналған құбырлар, шатыр материалдары болып келеді.

Монополияға қарсы орган өкілдері өткен аптада құрылыс нарығындағы субъектілерге бағаны төмендету жайлы 63 хабарлама жіберген. Нәтижесінде 29 компания тапсырманы орындапты. Алайда бұл жауап қымбатқа ұрынып, қонысының құрылысы тұралап тұрған жандарды қанағаттандырмай тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: