Ауғанстаннан 25 қазақстандық эвакуацияланды
![ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 23:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6600b5c7-59fc-46e8-82b2-a4da5e004b42/800x452.webp)
18 тамызда – бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды.
Ауғанстаннан 25 қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
18 тамызда – бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды, делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді.
Одан басқа, осы бортпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды, делінген ведомства хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript