Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тұрақтандыру қорлары көкөністермен толықтырылды - АШМ

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 16:39 Алматы әкімдігі
Оның айтуынша, шикізат базасын дамыту үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ базасында астықтың тұрақты жемшөп қорын қалыптастыруды көздейтін, жем өндірісін дамытудың Жол картасы әзірленетін болады.

Қазақстандағы маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорларында картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияздың бес айлық қоры қалыптастырылады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Сапаров инфляцияға қарсы шаралар кешенінің жобасында Ауыл шаруашылығы министрлігіне 11 жедел және 8 орта мерзімді шараларды орындау жүктелгенін атап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін басым дақылды алқаптарды, көкөністерді сақтау сыйымдылығын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау бойынша. Оның айтуынша, шикізат базасын дамыту үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ базасында астықтың тұрақты жемшөп қорын қалыптастыруды көздейтін, жем өндірісін дамытудың Жол картасы әзірленетін болады. Сондай-ақ көлемге уақытша шектеулер енгізілетін болады, яғни квоталар немесе ірі және дәнді жемшөпті экспортына тыйым салу түрінде.

Бағаны тұрақтандыру үшін, ең алдымен, тұрақтандыру қорларының жұмыс принципін қайта қарау қажет, осылайша болжам негізінде бағаның ең үлкен өсімі күтілетін тауарлардың нақты түрлерін сатып алу керек. Маусымаралық кезеңнен тыс уақытта қаңтар мен мамыр айлары аралығында тұрақтандыру қорларында қала тұрғындары қажеттіліктерінің 30% мөлшерін қанағаттандыра алатындай көлемде картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияздың, сондай-ақ бүкіл халықтың қажетттігіне керекті қарақұмық, күнбағыс майының бес айлық қорын құру ұсынылады, - деді ол.

Вице-министр есептелген мәліметтер бойынша, республикамызда картоп пен көкөніс сатып алу көлемі 229 мың тоннаны, сондай -ақ қарақұмық 17,6 мың тоннаны, 28,5 мың тонна күнбағыс майын құрайтынын да айта кетті.

Дайын өнімді алу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы тұрақтандыру қорларының жоспарланған қорының 10% мөлшерінде күнбағыс пен қарақұмықтың қосымша көлемін, сондай-ақ шамамен 4 мың тонна қант алып қойды. Бұл ретте форвардтық сатып алу шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 9150 тонна күнбағыс (3660 тонна май) мен 691 тонна қарақұмық (415 тонна қарақұмық) бойынша келісімшартқа отырды. Қарақұмық, күнбағыс, қанттың қалған бөлігі нарықтан тікелей сатып алу арқылы сатып алынады, - деп сөзін қорытындылады бірінші вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: