Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге ай сайын қанша төлейді?

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:25 Павел Михеев / zakon.kz
Облыстық бөліністе: сектордағы ең "арзан" ҚР өңірлерінің рейтингісі жасалды.

Қазақстандық отбасылардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығындары ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың тг жетті. Бұл ақшалай мәнде бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%, бес жыл бұрынғыдан 36,3% және он жыл бұрынғыдан – 84% артық, деп хабарлайды zakon.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы барлық бағыттар бойынша ақшалай шығындардың жиынтығы ҚР-де бір үй шаруашылығына орта есеппен ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 676,6 мың тг құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 19,5%, бес жыл бұрынғыдан 67,1% және он жыл бұрынғыдан – бірден 2,3 есеге артық.

Сонымен бірге ақшалай табыс тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 703,7 мың тг жетті – өткен жылға қарағанда 13,5%, бес жыл бұрынғыға қарағанда 56,8% және он жыл бұрынғыдан 2,3 есе жоғары.

Сөйтіп, халықтың "коммуналкаға", тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындары қазақстандық отбасылар шығындарының жиынтығынан әлдеқайда баяу серпінмен өсуде. Көп жылдық динамикада үй шаруашылықтарының табыстары, өз кезегінде, едәуір жылдам ұлғаюда; нәтижесінде, тұрғын үй шығындарының орташа деңгейдегі тұрғынның қалтасына қысымы төмендейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:25

2021 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығындардың үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындардан үлесі небәрі 5,5% құрады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,6%, бес жыл бұрын – 6,7%, он жыл бұрын – 6,9% құрады.

Сектордағы шығындардың үй шаруашылықтарының жиынтық шығындардан үлесі небәрі 5,1% дейін қысқарды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 5,2%, бес жыл бұрынғыдан – 6,2% және он жыл бұрынғыдан – 6,4% қысқарды.

Іс жүзінде, отбасылық бюджеттегі коммуналдық және тұрғын үй төлемдерінің салмағы соншалықты үлкен емес, бұл өсіп жатқан инфляция және өзге сектордағы бағалардың тұрақсыздығымен салыстырғанда, қандай да бір оптимистік үміт сыйлайды.

Өңірлік бөліністе коммуналдық және тұрғын үй шығындарының отбасылық бюджетке қысымы Атырау, Алматы мен Жамбыл облыстарының тұрғындарына ең аз сезіледі, мұнда үй шаруашылығындағы тұтынушылық шығындардан сектордағы шығындардың үлесі 3,1% бастап 3,8% дейінгі аралықта құбылады, ал жиынтық шығындардың үлесі 3,7% аспайды.

Анықтама үшін: үй шаруашылықтарының ақшалай шығындарының жиынтығы өз ішінде тұтынушылық шығындарды, туыстар мен таныстарға материалдық көмекті, алименттерді, салықтар мен басқа да төлемдерді, сондай-ақ кредиттер мен қарыздарды өтеуді қамтиды.

Тұтынушылық шығындар – үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды, сондай-ақ ақылы қызметтерді сатып алуға бағытталған ақшалай шығындарының бір бөлігі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:25

Қазақстандық отбасылардың барлық бағыттар бойынша жиынтық шығындарға қатысты айтар болсақ, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру, бос уақыт, тұрмыстық және өзге де тауарларды жөндеу және т.б. қоса алғанда, шығынға ең көп ұшырайтын отбасылар Алматы (ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір үй шаруашылығына 818,9 мың тг), сондай-ақ Қызылорда (795 мың тг) және Қарағанды (778,5 мың тг) облыстарында байқалды; ең төмен – Шымкент (508,3 мың тг), Қостанай облыстарының (528,2 мың тг) және БҚО (580,1 мың тг) отбасыларында тіркелді.

Сонымен қатар, ең жоғарғы табыс Маңғыстау облысында (тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 979,4 мың тг), Нұр-Сұлтан қ. (891,3 мың тг) және Қарағанды облысында (835 мың тг), ал ең төмен – Шымкентте (566,6 мың тг), сондай-ақ Жамбыл (598,9 мың тг) және Алматы (604,4 мың тг) облыстарында байқалады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:25

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: