Жаңалықтар тізбегі
0

Astana WTA 250 турнирінде Қазақстанның екі-ақ өкілі қалды

ktf.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 18:00 ktf.kz
Путинцева мен Диас осы жарыстың ширек финалына жолдама алуға тырысады.

28 қыркүйекте ҰТО корттарында Astana Open халықаралық турнирінің үшінші күнгі ойындары өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл күні Қазақстанның намысын еліміздің әйелдер құрамасының мүшелері: Юлия Путинцева, Зарина Диас пен Анна Данилина қорғады. Бірақ Аннаның бірінші айналымда жолы болмай, ол үш сеттік арпалыста Astana Open-нің үшінші нөмірі, франциялық Кристина Младеновичтен 4:6, 7:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 18:00

Данилинадан кейін орталық қортқа Зарина Диас шықты. Оның ресейлік Анастасия Захароваға қарсы кездесуі күрделі болды. 4-6 есебімен бір сетті берген алматылық теннисші кейінгі екі сетте 7:6, 7:5 есебімен жеңді. Ойын күнінің бағдарламасын Юлия Путинцева аяқтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 18:00

Қазақстанның екінші ракеткасына грузиялық тенисшісі Екатерина Горгодзе қауқар таныта алмады. Есеп 6:1, 6:2.

Енді Путинцева мен Диас осы жарыстың ширек финалына жолдама алуға тырысады. 29 қыркүйекте Юлия Беларус өкілі Вера Лапкамен, ал Зарина швециялық Ребекка Петерсонмен ойнайды.

Аида Мұхтар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: