Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында жұмыртқа тағы да қымбаттады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 17:51 pixabay.com
Алдын ала дерек бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіретін өнім бағасының құбылуына жем-шөптің қымбаттауы себеп.

Павлодарда кейбір сауда орындарында бір аптаның аралығында қораптағы жұмыртқаның бағасы бірден 40-50 теңгеге өскен, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала дерек бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіретін өнім бағасының құбылуына жем-шөптің қымбаттауы себеп.

Қыркүйек айының соңғы күндері бірінші санатты жұмыртқаның он талы орта есеппен 400 теңге болса, бүгінгі баға - 450 теңге. Кейбір әлеуметтік дүкендерде 445 теңгеден сатылады. "Small", "Лидер" супермаркеттері мен "Greenwich" гипермаркетінде қағаз қаптамаға салынған, бірінші санатқа жататын жұмыртқаның он данасының бағасы 485 теңгеден басталып, 530 теңгеге дейін жетеді. Ал облыс әкімінің қаулысымен бекітілген құжатта төртінші тоқсанда, яғни қазан айынан бастап аймақтағы сауда орындарындағы жұмыртқаның бағасы 369 теңгеден аспауы тиіс еді. Тауар өндірушілер жергілікті билік белгілеген шекті баға мен дүкен сөрелеріндегі бағаның арасында айтарлықтай айырмашылықтың болуын жем-азықтың қымбаттауымен байланыстырады, делінген Pavlodarnews.kz сайтында.

Жұмыртқаның өзіндік құнын қалыптастыруда бидай бағасы 60 пайызды құрайды. Өткен жылы оның бір тоннасы 90-100 мың теңге аралығында болса, биыл 110-115 мың теңгеге сатылуда. Яғни, бидай бағасы 20 пайызға өскендіктен, жұмыртқаның өзіндік құны да артты.

"Павлодар-Құс" ЖШС бас директоры Ербол Досыбаев "жұмыртқа бағасы қымбаттады деу - дұрыс емес" дегенді алға тартады. Кәсіпорын басшысының пайымынша, өнімнің құны былтырғы бағасына қайтып келді.

Сатып алушылардың басым бөлігі кез келген тауар бағасының өскенін байқап, арзандағанына назар аудара қоймайды. Мәселен, жазда жұмыртқа бағасының төмендеуі - жыл сайын қайталанатын қалыпты жағдай. Себебі бұл уақытта тұрғындар тарапынан сұраныс азаяды, жеке аулалар өнімді сатылымға шығарады және Ресейдің, еліміздің өзге облыстарынан жұмыртқа жеткізіледі. Сәйкесінше, баға да түседі. Күзде керісінше сұраныс артып, өнім көлемі азаяды. Бұл жұмыртқаның маусымаралық жағдайға дейінгі бағамен қайта сатылуына әсер етеді, - дейді Ербол Досыбаев.

Бұл ретте атап өтер жайт, жергілікті билік тұтынушылар тарапынан зор сұранысқа ие бірінші санаттағы жұмыртқа бағасын ғана реттеп, бақылауға құқылы. Бүгінде 540-560 теңге тұратын, қағаз қаптамаларға салынған, іріктелген, жоғары санатты өнім әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кірмейді. Демек, құзырлы органдар олардың бағасын белгілеу ісіне араласа алмайды.

Айта кетсек, Павлодар облысында 2021 жылдың басында да жұмыртқа бағасы қымбаттаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: