Қазақстанда тауық еті мен жұмыртқа өндірушілеріне қатысты тергеу басталды

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2021 21:12 pixabay
Үкіметтің мәліметі бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,1% құрады.

Қазақстанда бағаның негізсіз өсуіне байланысты тауық еті мен жұмыртқа өндірушілеріне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан облысында тауық жұмыртқасын өткізушіге қатысты тергеу жүргізді. ӘМАТ-қа сауда үстемесін төмендету туралы өңірлік сауда желілерімен және күнбағыс майын ірі көтерме жеткізушімен монополияға қарсы комплаенстің 10 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 135 актісі жасалды, делінген primerminister.kz сайтында.

Бағаның өсуі байқалған аймақтарда тауар нарықтарын сараптау аяқталып, тауық еті мен тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты тергеу басталады.

Үкіметтің мәліметі бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,1% құрады.

Бұған жұмыртқа бағасының 0,7%-ға және қырыққабат бағасының 0,8%-ға қымбаттауы әсер етті.

Сонымен қатар пияз (-0,9%), қарақұмық жармасы (-0,6%), сиыр еті мен рожки (0,1%) бағасының төмендеуі байқалады.

Сүзбе, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және қант бағасы өзгерген жоқ.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: