Ғарышта фильм түсірген экипаж Қазақстанға қонды
instagram.com/juliaperesild
12 күн ішінде команда кеме бортында "Вызов" фильмін түсірді.
17 қазанда алғашқы ғарыштық кино экипажы Қазақстанға қонды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Союз МС-18" бортында актриса Юлия Пересильд, режиссер Клим Шипенко және ғарышкер Олег Новицкий болды.
Олар 5 қазаннан бастап орбитада болды. 12 күн ішінде команда кеме бортында "Вызов" фильмін түсірді.
Үш күннен кейін ғарышкерлер жұлдызды қалашықтағы жер жағдайына қайта оралады. Ұшудан кейінгі алғашқы баспасөз конференциясы 19 қазан сейсенбіге жоспарланған.
Актриса Юлия Пересильд жанкүйерлерге өзін қалай сезінетіні туралы айтты.
"Жезқазған-Қарағанды тікұшағымен ұштық. Мен жүруді қайтадан үйренемін! Мен үшін 17 қазан – тағы бір туған күнім", деді ол.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript