Ревакцинацияға не деп барамыз – маман жауабы
Кез келген вакцинаны қайта егудің тиімділігі болады, бірақ оның схемасы өндірушінің ұсыныстарына байланысты, деді журналистерге ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты зертханасының меңгерушісі Нұрика Асанжанова, деп хабарлайды zakon.kz.
БАҚ өкілдері Денсаулық сақтау министрлігінің қайта вакциналанғанда вакцинаның басқа түрін алу керек деген мәлімдемесіне қатысты нақтылауды сұрады. Алайда көрші Ресейдегі қайта вакциналануда вакцина түрі өзгеріссіз, жұрт сол баяғы "Спутник V" алып жатыр.
Ондайды әлі естімеппін, бірақ, менің ойымша, қайта вакциналау кезінде кез келген вакцинаны алуға болады. Тек қайта вакциналау өндірушілер ұсынған схема бойынша жасалады. Егер өндіруші екі доза туралы айтса, онда екі доза. Мысалы, QazVac алсаңыз, онда сіз сол вакцинамен қайта вакцина алғыңыз келсе, екеуін де салдыртасыз. Егер басқа вакцина болса, онда өндірушінің ұсынысына байланысты. Мысалы,"Спутник Лайт " бір вакцина түрінде ұсынылады, — деп түсіндірді Нұрика Асанжанова БАҚ сұрағына жауап бере отырып.
Нұрика Асанжанова бүгінде ҒЗИ алаңында коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің екінші кезеңінен өтіп жатқанын еске салды.
Бұл QazVacP ақуызды вакцинасы. Сонымен бірге "тірі" және екі векторлы вакцина әзірленуде. Олардың технологиясы және қолданылуы әртүрлі болуы мүмкін. Біз қаншалықты тиімді екенін білмейміз. Вакцина схемасы басқаша болуы мүмкін, бірі вакцинаның бір, екіншісі үш дозасын қажет етеді. Мұның бәрі жануарларға жүргізілетін зертханалық сынақ нәтижелеріне байланысты, — деді әзірлеушілердің бірі.
ҒЗИ зертханасының меңгерушісі қазір балаларды немесе ересектерді вакциналау үшін қай вакцинаны қолданған жөн екенін дәл айту қиын екенін түсіндірді.
Қазір бұл сұраққа жауап беру ертерек. Қауіпсіздігін, вакцина схемасын анықтағаннан кейін ғана нәтижелер туралы айтуға болады. Балаларға вакцина салу үшін вакцина құрамына өзгерістер енгізу керек. Кез келген дәрі-дәрмектер сияқты ересектерге арналған түрінде концентрация жоғары болады, балалар үшін төмен. Кем дегенде екі есе төмен болады. Мұның бәрі балалардың жас санатына байланысты. Мұндай зерттеулер болашақта жасалуы мүмкін, - деп түсіндірді Асанжанова.
Бақытжан Отарбаева