Жаңалықтар тізбегі
0

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот шешімі қанша уақытта орындалуы керек?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 19:37 zakon.kz
Бұл міндет сот шешімінің қарар бөлігінде көрсетіледі.

Павлодар облысы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Әділет Бақтияров әкімшілік іс бойынша сот шешімі қанша уақыт ішінде орындалуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, ӘРПК 171-бабы бойынша, жауапкер әкімшілік іс бойынша сот шешімін заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, бұл туралы ол сотқа хабарлауы тиіс. Сонымен бірге сот жауапкердің сот актісін орындауы үшін мерзімді айқындау кезінде парасаттылық пен жеткіліктілікті басшылыққа ала отырып, өзге мерзімді де белгілеуге құқылы.

"Мысалы, егер шешімді орындау жауапкер тарапынан белгілі бір күш-жігерді, қосымша әкімшілік ресурстарды тартуды, аралас ұйымдармен келісуді және т.б. талап етпесе, сондай-ақ, сот өз құқығына жүгінбей, сот шешімін дереу орындауға, егер ұзақ мерзімді орындау процеске қатысушылардың және үшінші тұлғалардың құқықтарына зиян келтірсе, оның мерзімін қысқарта алады", - деп түсіндірді Әділет Бақтияров.

Қалай болғанда да, бұл мерзім бір айдан аспауы керек, ол жауапкер сот шешімінің орындалуы туралы сотқа хабарлауға міндетті.

Бұл міндет сот шешімінің қарар бөлігінде көрсетіледі.

Сот шешімін белгіленген мерзімде орындамағаны үшін сот ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес, жауапкерден 50 АЕК (145 850 теңге) өндіріп алады.

Сот шешімі орындалмаған жағдайда жауапкерге 10 АЕК-тен астам ақшаны қайта өндіріп алу қолданылады.

100 АЕК-ті құрайтын ақшалай өндіріп алудың белгіленген ең жоғары мөлшерінен асқан жағдайда сот шешімін орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 430-бабы бойынша, қылмыстық жауапкершілік туындайды, - деп атап өтті Сот төрағасы

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: