Қазақстанда агроөнеркәсіп секторын дамыту қалай жоспарлануда
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатта атап өтілгендей, соңғы 3-5 жылда АӨК саласында мемлекет көрсетіп отырған қолдаудың арқасында іс жүзінде барлық көрсеткіштердің оң өсу серпіні байқалады. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенде субсидиялау 51 түр бойынша 12 бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 2, мал шаруашылығында – 2, қаржы құралдары – 8, қайта өңдеу – 1.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,4 есе өсіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 6,3 трлн теңгені құрады (2018 жылы – 4,5 трлн теңге, 2019 жылы – 5,2 трлн теңге, 2020 жылы – 6,3 трлн теңге.)
Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспорты осы кезеңде 6%-ға өсіп, 2020 жылы 3,3 млрд АҚШ долларын (2018 жылы-3,1 трлн теңге) құрады.
Сала инвестиция салуда сұранысқа ие. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағыны соңғы 3 жылда 44,9%-ға ұлғайды және 2020 жылы 573,2 млрд теңгені (2018 жылы-395,6 млрд теңгені) құрады. 2020 жылы ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігі 3 млн теңгені құрады. Бұл ретте АӨК-дегі еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 7%-ды құрайды, - деп атап өтті АШМ-де.
Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында жалпы өнімнің одан әрі өсуіне жағдай жасайтын оң үрдістер атап өтілді.
2020 жылы тұқым шаруашылығын қолдауға 14 млрд теңге бағытталды (2018 жылы – 8,4 млрд теңге, 2019 жылы-9,5 млрд теңге).
Алайда, саладағы оң өзгерістерге қарамастан, АШМ бірқатар жүйелі проблемалар да бар екенін айтты.
Өсімдік шаруашылығында:
1. ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандырудың жеткіліксіз қарқыны;
2. ұсынылған ғылыми негізделген ауыспалы егістердің сақталмауы;
3. тұқым шаруашылығының жеткіліксіз дамуы, АШТӨ-нің химияландыру құралдарын (тыңайтқыштар, пестицидтер және т. б.) қолдануы;
4. АШТӨ-нің техникалық және технологиялық жарақтандырылу деңгейінің төмендігі;
5. негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының төмен өнімділігі;
6. қолданылатын технологиялардың, стандарттардың, сертификаттау және сапаны басқару жүйелерінің және т. б. талаптарына сәйкес келмеуі.
Мал шаруашылығында:
1. ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының төмен өнімділігі;
2. азықтық базамен жеткіліксіз қамтамасыз етілу;
3. асыл тұқымды мал мен құс басының төмен үлесі;
4. азықтық және жемдік дақылдар үшін егіс алаңдарының жеткіліксіздігі;
5. жайылымдық жерлерді ұтымсыз пайдалану
6. құрама жем кәсіпорындарында айналым қаражатының жетіспеушілігі;
7. көптеген АШТӨ үшін субсидиялардың қолжетімділік деңгейінің төмендігі
8. эпизоотиялық жағдайды және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бақылаудың жеткіліксіздігі;
9. бақылаудағы объектілердің орнын ауыстыруды қоса алғанда, ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуын жергілікті жерлерде ветеринариялық бақылаудың жеткіліксіздігі және т. б.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және органикалық өнімді дамыту саласында:
1. ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесінің төмендігі, қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының толық жүктелмеуі, сондай-ақ олардың физикалық тозуы және моральдық артта қалуы;
2. елде органикалық өнім өндірісін сертификаттаудың өзіндік жүйесінің, өнім сапасын анықтау жөніндегі мамандандырылған зертханалардың болмауы.
Жер қатынастары саласында:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану, бақылаудың тиімді жүйесінің болмауы;
2. жер сапасының нашарлауы және олардың өнімділігінің төмендеуі;
3. жайылымдарды олардың жеткіліксіз суландырылуына байланысты игерудің төмен деңгейі және т. б.
АӨК мемлекеттік қолдау бойынша:
1. АШТӨ үшін банктік кредиттер мен мемлекеттік субсидияларға қолжетімділіктің төмен дәрежесі;
2. АШТӨ-ні қаржыландыру үшін квазимемлекеттік даму институттары ресурстарының шектеулі болуы;
3. субсидиялаудың түпкілікті нәтижеге және өңірлердің мамандануына байланысының болмауы;
4. шағын АШТӨ үшін қолжетімсіз және нысаналы көрсеткіштердің орындалуын нашар бақылау кезінде инвестициялық субсидиялаудың ірі өндірістерге бағдарлануы;
5. Ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесі жеткілікті дамымаған;
6. кредиттік серіктестіктердің институционалдық дамуы әлсіз болған кезде ауылдық жерлерде жеке қаржы ұйымдарының әлсіз ұсынылуына байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің төмен деңгейі;
7. саланың жоғары табиғи-климаттық, эпизоотиялық, фитосанитариялық, карантиндік, экономикалық тәуекелдері
8. жеке қаржы ұйымдарында ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің болмауы.
Сонымен қатар, Қазақстанның азық-түліктің әлемдік жеткізушісі ретінде елдің аграрлық секторын қалыптастыру үшін айтарлықтай ресурстық әлеуеті бар екендігі атап өтілді.
Бұл үшін аграрлық саясаттағы тұжырымдамалық тәсілдерді қайта қарап, оны ауыл шаруашылығы бизнесі субъектілерін тікелей қаржылық қолдау моделінен АӨК-де кәсіпкерлік бастаманы дамыту, бәсекеге қабілеттіліктің өсуін және сектордың жаһандық сын-қатерлерге орнықтылығын ынталандыру үшін тең жағдай жасайтын сервистік модель құруға бағдарлай отырып, қайта қарау талап етіледі.
АӨК дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған басымдықтары:
● азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру;
● 7 тұрақты азық-түлік экожүйесін құру;
● қолдау механизмдерін оңтайландыру, бәсекеге қабілетті өнімге бағдарлану;
● технологиялылық, цифрландыру, экологиялылық және адам капиталын дамыту негізінде саланың тартымдылығын қалыптастыру;
● АӨК қажеттіліктеріне бағытталған бірыңғай жүйені құру: ғылым → кадрларды даярлау → білімді тарату (зертхана → аудитория → өріс);
● коммерцияландыру және трансферт жүйесін дамыту;
● объективті, орындаушылардың құзыреттілігінің сапасы және олар ұсынған міндеттерді шешу тәсілдері негізінде ғылыми зерттеулер мен экстеншн ресурстарын бөлу;
● фитосанитарлық және ветеринарлық қызметті дамыту және нығайту;
● жерді пайдаланудың тиімді жүйелерін қалыптастыру және АӨК өнімдерін өндіру үшін су пайдалану;
● ауыл халқының тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің табысы мен деңгейінің өсуі, ауыл инфрақұрылымын дамыту;
● өндіріс пен сатудың тұрақты тізбегін құру.
2030 жылға қарай Қазақстанның АӨК-і елдің сапалы азық-түлікке деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ аумақтың географиялық артықшылықтарын пайдаланып, негізінен экспорттың өсуіне бағдарланған халықаралық азық-түлік хабтарының жүйесін қалыптастырып, бизнес, қаржы, технологиялар мен инвестициялар үшін магнит болуы тиіс, - деп жазады құжатты әзірлеушілер.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдау жүйесін едәуір оңтайландырып, экстеншн тиімді жүйесін қалыптастыра отырып, осы процестерді ынталандыратын заңнамалық база құру жоспарлануда.
Ауылдық жерлерде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жағдайлары сапасы жақсарады. Ауыл халқының табысы өседі, жалпы ұлттық өнімдегі АӨК үлесі артады, аграрлық саладағы орнықты даму мақсаттарының индикаторларына қол жеткізілетін болады, - деп есептейді АШМ.
Сондай-ақ, мақсатты индикаторлары бар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.
Құжаттарды 5 қарашаға дейін "Ашық НҚА" сайтында талқылауға болады.
Бақытжан Отарбаева