Жаңалықтар тізбегі
0

Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиев ақталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 21:48 zakon.kz
Іс бойынша тағы алты адам сотталған еді. Олардың барлығы да ақталды.

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық сотында Қазақстанның Тұңғыш Президенті резиденциясы аумағындағы Қарасу көлін тазалау кезінде ақша жымқырды деген айыптау ісі бойынша үкім шықты.

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев өз әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауы себепті ақталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековті қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін ақтады, - деді үкімді оқыған судья Кемеңгер Имашев.

Вице-министрлерден бөлек, бұл іс бойынша тағы алты адам сотталған еді. Олардың барлығы да ақталды.

Олар Энергетика министрлігінің департаментінде басшы болған Жан Нұрбеков, "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Дәурен Дуанбек, мердігер өкілдері Серік Жұмалинов пен Бекзат Қадырберлин, Нұрлан Ғарифолла мен Берден Жаркенов. Сот олардың әрекеттерінде де қылмыс құрамы жоқ деп санайды.

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін келтірілген шығынды өтету құқығы бар, - деді судья.

2018 жылы бұрынғы вице-министрлер Қарасу көлін тазалауға бөлінген ақшаны жымқыру бойынша күдікті болды. Екі шенеунікке сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылған. 2020 жылы бұл іс прокурорға қайтарылды. Тыңдау биыл маусым айында өткен.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: