Қазақстандағы жұмыссыздыққа қарсы шаралар
АҚШ тұрғындары елді есеңгіреткен бұл құбылыспен 1930 жылдары таныс болды, ал кеңес халқы мұны Кеңес Одағы ыдыраған кезеңде білді. Ол – жүздеген отбасының бұзылуына, мыңдаған тағдырдың бүлінуіне әкеліп соқтырған құбылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан мемлекеті де егемендік алған алғашқы жылдары бұл қиын мәселемен бетпе-бет келіп, тар жол тайғақ кешу жолдарынан өтті. Сол себепті де бүкіл әлемде кез келген мемлекет жұмыссыздық деңгейін басты назарда ұстайды.
Бүгінде әлемде 200-ге жуық милилион адам жұмыс таба алмай отыр, мұның қасында Қазақстандағы жағдай жақсырақ. Бірақ біз жаһандық нарықты дамытудың кез келген сценарийіне дайын болуымыз керек.ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Осылайша, Қазақстан Тәуелсіздіктің отыз жылында әлемдік экономикадағы үш ірі дағдарысты бастан өткерді. Отыз жылда бұғанасы бекіп, қабырғасы қатып, еңселі елге айналған еліміз үшін қай дағдарысты болса да еңсеру аса қиынға соққан жоқ. Әсіресе, жұмыссыздықпен күрес Қазақстан билігінің күн тәртібінде тұрды, әлі де тұр. Алайда, сонау Тәуелсіздік алған жылдардағыдай жоғары көрсеткіште емес.
Түрлі жұмыспен қамту, бизнестің жол картасы, қарапайым заттар экономикасы сияқты мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсібін ашып, оны дөңгелетіп отырғандар қатары артты. Жұмыссыздық едәуір азайып, үйінде отырған жұрт екі қолға бір күрек тапты.
Нұр-Сұлтанда алдағы уақытта кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында 23 мың жұмыс орны ашылмақ.