Жаңалықтар тізбегі
0

Ертісбаев рейдерлік, парақорлық, аға-көке дегенді қандай жағдайда ұмытуға болатынын айтты

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 22:50 Сурет: amanatpartiasy.kz
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Қазақстандағы рейдерлік, парақорлық, жоғарыдан қолдау білдіретін аға-көке дегенді кәсіпкерлердің қандай жағдайда ұмытуына болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдері арасында КТК телеарнасының тікелей эфирінде өткен пікірсайыс кезінде "Ақжол" партиясының өкілі Дания Еспаева мынандай сауалды ортаға тастады:

"2015 жылы "Мемлекеттік сатып алулар" туралы заң жобасы қабылданды. Оны талқылау кезінде отандық тауар өндірушілерге артықшылық беретін тұстар түсіп қалды, тіпті "қазақстандық қамту" деген ұғымның өзі алынып тасталды. Мәжілістің пленарлық отырыстарында біздің партия оған қарсы 9 рет дауыс берді. Бірақ "Нұр Отан" мен сіздің партияларыңыздың арқасында ол заң жобасы қабылданып кетті. Ал қазір бағдарламаларыңызда бизнесті қолдауға арналған бүтін бір тармақ бар екен. Осыған дейін бизнесті қолдап, ешнәрсе жасамадыңыздар ғой. Енді бұл қалай болғаны?".

Ермұхамет Ертісбаев қазір кәсіпкер қауымынан бастап барша жұртты аталған заң емес, өздерінің басты ұраны - әкімдер мен судьялар сайлауы әлдеқайда қызықтыратынын баса айтты. 

"Біздің кәсіпкерлерге заң немесе қандай да бір құқықтық-нормативтердің қабылданғаны еш қызық емес. Өзіңіз айтып өткен дүниенің де кәсіпкерлерге түкке керегі жоқ. Олар биліктен тек бір-ақ нәрсені қалайды: өздерін жайына қалдыруды. Өңірдегі сайлаушыларыммен жүздескенде кәсіпкерлерден де: "Неге бізді қолдайсыздар" деп сұрадым. "Бізге Сіздер ұсынып отырған социализм идеясы ұнайды", - дейді. Олар оның нағыз өзгеріс әкелетінін жақсы түсініп отыр". Ермұхамет Ертісбаев

Оның айтуынша, әкімдер секілді судьяларды да халықтың өзі сайлаған кезде жүйе бүтіндей өзгеріп сала береді.

"Кез келген кәсіпкердің таңдауы - біздің ұран. Яғни, әкімдер мен судьялардың сайлануы. Сонда жүйе өзгереді. Сонда кәсіпкерлер рейдерлік, парақорлық, жоғарыдан қолдау білдіретін аға-көке дегенді ұмытады. Оларға Сіз айтып отырған заң емес, осындай өзгеріс керек". Ермұхамет Ертісбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: