Жаңалықтар тізбегі
0

Әскер жасындағы қанша адам денсаулығына байланысты қызметке жарамайды

Әскер жасындағылардың қаншасы денсаулығына байланысты қызметке жарамайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 14:12 Сурет: unsplash
2022 жылды алсақ, медицина комиссиясынан өткен адамдар саны 130 мыңнан асады. Оның 80%-ы әскерге жарамды болып саналады. Бұл туралы сенат кулуарында ҚР Қарулы күштері Бас әскери медициналық басқармасы бастығының орынбасары Берік Ілиясов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР Қарулы күштері Бас әскери медициналық басқармасы бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Берік Ілиясов журналистің "Әскер жасындағылардың қаншасы әскерге жарамайды?" деген сұрағына жауап берді.

Оның мәліметінше, 2022 жылы медицина комиссиясынан өткен адамдар саны 130 мыңнан асады. Оның 80%-ы әскерге жарамды болып саналады. Ал қалған 20%-ының ішінде 15%-ға жуығы - әскерге мүлдем жарамсыз адамдар. Ал 5%-ы - әскерге тек уақытша жарамсыз деп танылған азаматтар.

"Медицина комиссиясынан өткен адамның 80%-ы әскерге жарамды болғанның өзінде ол әрі қарай да тағы іріктеледі. Психологиялық тексеруден өтуі керек, болмаса оқу деңдейі деген сияқты басқаша талаптарға сай болмай, өтпей қалып жатады. 130 мың адамның 80%-ын алсақ, ол шамамен - 100 мың адам. Біздің шақыратынымыз қарулы күштер және басқа да әскери құрылымдарды қосқанда менің пайымдауымша, қателеспесем, 30 мың адам шығады. Бұл дегеніміз толық жабуға келеді деп айтуға болады". Берік Ілиясов

"Яғни әскерге шақырылғандардың денсаулығы әлсіз, жарамсыз деген ақпарат ресми мәліметтер арқылы расталмайды ғой?" деп нақтылады журналист. 


"Әрине, егер медицина комиссиясы жүргізген нәтижеде 80%-ы жарамды болса, оны неге жетпейді деп айтамыз? Мысалы, біздің қарулы күштерге келсек, былтыр 14 600 әскери қызметкерлер шақырылды. Оның бәрі қызметке жарамсыз болып, қайтарылды деп айту меніңше шындыққа жанаспайды", - деп жауап берді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: