Алматы ауруханасындағы науқастарға АИТВ қалай жұғуы мүмкін екенін бас санитар дәрігер айтты
Айжан Есмағамбетованың сөзінше, әзірше инфекцияның нақты қандай жолмен жұққанын айту мүмкін емес. Инфекция инвазивті жолмен жұққаны ғана белгілі.
"Ранимация бөлімінде денсаулық жағдайына байланысты науқастар түрлі манипуляцияға ереді. Ол инъекциялар, жүйелер, катетерлер және тағы басқа болуы мүмкін. Егер сіз АИТВ инфекциясының берілуіне қарасаңыз, дәл осы кейбір медицинадағы манипуляциялардың бұзылуымен байланысты болып шығады. Өкінішке қарай, Комиссия "манипуляция пациенттердің инфекция жұқтыруына әкелді" деп нақты айта алмайды. Медбике сол шприцті пайдаланды немесе қолданбады деп толық сеніммен айту мүмкін емес. Барлығы медицинадағы манипуляцияға байланысты. Реанимация бөлімінде терінің зақымдануына қатысты манипуляциялар болуы мүмкін. Бірақ оның болғанын комиссия нақты айта алмайды".Айжан Есмағамбетова
Министрлік басшысының орынбасары қадағалау органдарының "ауруханадағы әр қызметкердің үстінен күнде тұра бермейтінін" атап өтті. Ол үшін өндірістік бақылау, персоналдың лауазымдық нұсқаулықтары, соны бақылайтын құрам бар.
"Манипуляциялар кезінде басқарма басшылығы тарапынан стандарттарды сақтау бойынша бақылау болмағаны анықталды", - деді Айжан Есмағамбетова.
28 шілде күні Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Әсел Қалықова Орталық қалалық клиникалық ауруханада АИТВ инфекциясына тестілеудің қорытындысын жариялады. Эпидемиологиялық тексеру қорытындысы бойынша комиссия мүшелері үш адамның АИТВ жұқтыруының ең ықтимал себебі адам факторы деген қорытындыға келді. Үш науқастың жұқтыру фактісі адам факторымен байланысты болуы мүмкін. Атап айтқанда - инвазиялық манипуляциялар кезінде жеке медбикелердің операциялық процедуралар стандарттарын бұзуы және олардың қызметін бақылаудың болмауы.