Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният Алматы ауруханасында АИТВ жұқтыру оқиғасына пікір білдірді

Ажар Ғиният Алматы ауруханасында АИТВ жұқтыру оқиғасына пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 10:48 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 15 маусымда сенат отырысында Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ инфекциясын жұқтыру фактілеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғиният ақпарат министрлікке жеткенін айтты. Енді дәрігерлер инфекция аурухана ішінде тарап кетуін болдырмауға тырысып жатыр.

"Тексеруден өткен бойда біз толық ақпарат береміз. Енді толық эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, инфекцияның ошағын, жұқтыру жолын, ауруханаішілік инфекция болған-болмағанын түсінуіміз керек. Ол жерге министрлік пен комитеттер жіберілді".Ажар Ғиният

Ол 2022 жылы 4 мың қазақстандық АИТВ жұқтырғанын айтты. 2021 жылы 3,5 мың жағдай тіркелген еді.

Еске салайық, 14 маусым күні Алматының ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасынан АИТВ жұқтырған үш жағдайды анықтаған еді.

Анықталған фактілер негізінде Алматы қаласы УОХ-тың 2 маусымдағы бұйрығымен бөлім басшысының орынбасары мен қалалық ЖИТС орталығының қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылды. 

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда анықталған АИТВ фактісі бойынша тексеруді бастаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: