Тоқаев пен Шольц 28 қыркүйекте Берлинде келіссөз жүргізеді

Қазақстан президенті, Германия, Берлин, саясая, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 16:18 Сурет: senate.parlam.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

"Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: