Жаңалықтар тізбегі
0

Мұрат Әбенов: Президенттің Жарлығы экономиканы басқарудың тұжырымдамалық жаңа моделін құрады

Мұрат Әбенов, инвестициялық кеңес, Президент Жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 20:33 Сурет: Zakon.kz
Бүгін Мемлекет басшысы қол қойған "Ел экономикасына инвестиция тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары туралы" жарлыққа қатысты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бізде инвестициялық жобалар туралы көп әрі жиі айтылады, ірісі бар, шағыны бар, бастысы - барлығы ел үшін маңызды. Бірақ, бұл арада мына нәрсені мойындау керек, осы сипатта жария етілген жоспарлар үнемі ойдағыдай жүзеге асырыла бермейді, - дейді депутат Facebook-тегі жазбасында.

"Көбінесе өңірлерге сапарға шығар алдында біз бұрын жарияланған жобаларды қарастырып, сұрастырамыз. "Лентасы қиылып қойған" деп тұрады. Сондықтан жұмыс істеп жатқан зауыттар мен фабрикаларға баруды жоспарлаймыз, бірақ жеме-жемге келгенде, іс жүзінде оның барлығы "тек қағазда" екендігіне куә боламыз. Әртүрлі себептер айтылады... Инвесторлардың жоспары өзгеріп кетеді. Ресурстар жеткіліксіз болып қалады, нарықта тұрақсыздық болады. Бірақ, көбінесе мәселе біздің тарапымыздан туындап жатады, негізінен осы процестерді тежеу жағынан. Қандай да бір шешімге келгенде шенділердің озбақтап-созбақтап жүріп алуын айтамын". Мұрат Әбенов

Депутаттың айтуынша, бұл арада біреу бюрократиямен қорқытады, біреу өз мүддесін "тықпалауға" тырысады, ал тағы біреуге жоғарыға есеп беріп, "жақсы" көрінген ұнайды, мысалы, "лентасын қиып тастадық" деп, ал ең қиын жұмысқа келгенде мойыны жар бермейді. 

"Енді, міне осының барлығын түзетейтін мүмкіндік, сәт келіп жетті", - дейді ол. 
ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Осы жылдың қыркүйек айында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметті трансформация күтіп тұрғанын мәлімдеді. Бірақ құрылымдық жағынан емес, әркімнің жеке жауапкершілігін күшейту тұрғысынан.

"Бұл арада шешуші екі жайтқа жеке-дара тоқталу керек. Біріншісі. Салалық шешімдерді дайындау және оларды орындау, сондай-ақ нәтижеге қатысты дербес жауапкершілік толығымен қажетті шешімдерді едел-жедел қабылдауға міндетті министрлерге жүктелетін болады. Бұл әкімдерге де қатысты. Екіншісі. Енді Үкіметтің жұмысы "қағаздағы" тапсырмаларды орындау мерзімдері бойынша бағаланбайды. Министрлер кабинеті мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға толықтай жауапты болады". Мұрат Әбенов

Саясаткер ол үшін Үкімет экономиканы басқарудың барлық тетігіне еге болуы керек, мұндайда ол өз бетінше, әуре-сарсаңға, бюрократияға бой алдырмай, Президент әкімшілігінің келісімін алып жатпастан қажетті шешімдерді дербес және жедел қабылдауы керек болатынын айтады.

"Бүгін біз айтылған сөздердің нақты істе ұласып жатқанының куәсі болдық, бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. Президент Тоқаев Жарлық шығарды, онда Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың тиімділігін арттыру шаралары нақты көрсетілген". 
ТИІМДІЛІК

Депутаттың айтуынша, бұл, ең алдымен, қазір Үкімет жанында жұмыс істейтін Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес жұмысындағы тұжырымдамалық өзгерістерге қатысты.

Оған барлық дерлік салалық министрлер, сондай-ақ инвестициялармен жұмыс істейтін мемлекеттік холдингтер мен басқа құрылымдардың басшылары кіреді. Сонымен, енді кеңестің өкілеттігі айтарлықтай күш алады. Салалық заңдарға түзетулер енгізілген кезде (бұл жедел түрде жасалуы тиіс , Мәжіліс оны жылдам қарауға дайын), аталған кеңес орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компаниялары орындауға міндетті болатын шешімдер қабылдай алады.

"Сонымен қатар, кеңеске "ерекше өкілеттіктер" беріледі, нақтырақ айтсақ, заңдық күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлей алады. Мұндайда жеке инвестициялық жобаға бола Парламентке барып, барлық заңнамалық базаны өзгертіп жатудың қажеті болмайды. Және тезірек және икемді. Осының арқасында Қазақстан үшін маңызды жобаларды қандай да бір себеппен кейінге қалдыру, созып жүріп алу немесе оны болдырмай тастау деген бұдан былай болмайды". Мұрат Әбенов

АТҚАРА АЛМАЙСЫҢ БА, ҚОЛЫҢНАН ІС КЕЛЕТІН АДАМҒА ОРНЫҢДЫ БОСАТ!

Саясаткер кеңеске мемлекеттік органдардың басшыларын немесе кеңес қабылдаған шешімдерді тиісінше орындамайтын квазимемлекеттік сектор субъектілерін жұмыстан шығарумен қатар, оларды жауапқа тарту жөнінде Президент пен Премьер-министрге ұсынымдар енгізу құқығы берілетінін айтады.

"Бұл, сайып келгенде, біздің экономикамызға ішкі және шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуға, қазақстандықтар үшін жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етуге тиіс өте үлкен өкілеттіктер", - дейді ол.

ЫҚПАЛДЫ БОЛҒАН САЙЫН, АРҚАЛАЙТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ АУЫРЛАУ БОЛАДЫ

Өкілеттіктермен қатар маңызды инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес мүшелерінің жауапкершілігі де жеке-дара белгіленіп көрсетілген. Олар, төрағамен қатар инвестициялық ахуалды жақсартуға және инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға жеке-дара жауапты болады. Олар кем дегенде тоқсанына бір рет есеп беруі керек.

"Президенттің бүгінгі Жарлығы экономиканы басқарудың тұжырымдамалық жаңа моделін құрады деп айтса да болады. Максималды өкілеттіктер, икемді құралдарды пайдалануға мүмкіндік беру, қажетті ережелерді құру, қатаң шешімдер қабылдау. Бірақ тәуекелдерді ескеріп, ол үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алу. Енді мұның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көрейік. Бірақ жоғары шенділер өз шешімдері мен әрекеттері үшін жекелей жауап беру тәжірибесінің қолданысқа енгізілуі бәрі ойдағыдай толықтай жүзеге асырылады деген үмітті сыйлай алады деп ойлаймын". Мұрат Әбенов - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: