Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді

Ақорда, Германияның Федералдық канцлері, Олаф Шольц, Қазақстанға ресми сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 12:25 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің нақтылауынша, Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндеріне жоспарланған.

"Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматындағы екінші кездесу өтеді", делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, 7 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: