Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Бразилия Президенті, Тәуелсіздік күні , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 11:05 Сурет: akorda.kz
7 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қайрат Әбдірахмановты Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындағаны хабарланған

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: