Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтау жеделхаты, Тоқаев, Бразилия президенті, Тәуелсіздік күні , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2025 09:19 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 7 қыркүйекте Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазақстан президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен ел астанасына 9-10 қыркүйекте Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: