Тоқаевтың шақыртуымен елімізге 9-10 қыркүйекте Конго президенті Феликс Чисекеди келеді

Астана, Тоқаев, Конго президенті, мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2025 12:23 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен ел астанасына 9-10 қыркүйекте Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді", делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 6 қыркүйектегі хабарламасында.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.

Бұған дейін Ақордада өткен мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық серіктестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: