Тоқаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Кездесу, Тоқаев, Өзбекстан, Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы, Танзила Нарбаева , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 17:34 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 18 тамызда Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының өзекті мәселелері парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқыланды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, оның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың айрықша сипатта өрбіп келе жатқанын растайтынын атап өтті.

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы қос халық арасындағы достық, тату көршілік байланыстарды нығайтуға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының қосқан үлесін жоғары бағалады.

"Сіздің сапарыңыз елдеріміздің арасындағы достық қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өзбек елімен ынтымақтастығымызды дамытуға ерекше мән береміз. Мұны Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда өте маңызды фактор деп санаймыз. Екі елдің ықпалдастығы неғұрлым тығыз әрі табысты өрбіген сайын, жалпы өңірдегі жағдай да тыныш болады. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты кеңейту үшін шын мәнінде маңызды рөл атқарады", – деді Мемлекет басшысы.

Танзила Нарбаева қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Президент Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді

"Президентіміз Сізге ыстық ықыласын жолдап, алға қойған міндеттердің сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді. Қол жеткізілген уағдаластықтардың бәрі жеке бақылауында екенін айтты. Біз – Президенттің бүкіл командасы, соның ішінде Парламент оны іске асырып, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етеміз. Өзіңіз айтқандай, Өзбекстан мен Қазақстан – бір-біріне ең жақын әрі сенімді серіктестер", – деді Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының спикері.

Танзила Нарбаева, Ақорда, Тоқаев, Өзбекстан, Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 17:34

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Танзила Нарбаева парламентаралық дипломатияны, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: