Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Марапаттау рәсімі, Астана, Қасым-Жомарт Тоқаев, Танзила Нарбаева, II дәрежелі, Достық ордені , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 17:51 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 18 тамызда Ақордада Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін Танзила Нарбаеваны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 18 тамызда Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдағаны хабарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Танзила Нарбаева парламентаралық дипломатияны, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: