Тоқаев Иэн Сондерсті II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иэн Сондерсті II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев серіктестік пен достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерсті II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді.
Президент Қазақстан Еуразиядағы көлік қатынасын нығайтуға және жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға көп күш-жігер жұмсап жатқанын айтты. Сондай-ақ "ақылды шекара" моделін дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдер кеңінен қолданылатынын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript