Қытай-Қазақстан іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы басталды
Сурет: akorda.kz
2 қыркүйекте Бейжің қаласында Қытай-Қазақстан іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акорданың жазуынша, іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян қатысуда.
"Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскерлік құрылымдарының 500-ден астам өкілі, оның ішінде Қытайдың 70-тен астам ірі корпорациясының басшылары қатысып жатыр", – делінген хабарламада.
Іскерлік кеңестің сегізінші отырысы басталар алдында Бейжіңде Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге естелік суретке түсу рәсімі өтті.
Бұған дейін Тоқаев Бейжіңге келген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript