Мемлекет басшысы Португалия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев, Португалия, президенті, көңіл айту, жеделхат , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 17:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 4 қыркүйекте Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген. 

Айта кетсек, бүгін, 2025 жылы 4 қыркүйекте туристер арасында танымал Лиссабондағы Gloria фуникулері рельстен шығып кетіп, апатқа ұшырады. Кейбір шетелдік БАҚ үш адамның қаза тапқанын, сондай-ақ шамамен 20 адамның зардап шеккенін жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: