ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары ауысты

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, төраға орынбасары, Қанатай Далматов, Марат Ирменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 13:02 Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары ауысты. 2025 жылы 25 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Көп ұзамай оның орнын Марат Ирменов басты.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: