Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумының ерекше рөліне тоқталды

Форум, Орал, Тоқаев, өңіраралық ынтымақтастық, Қазақстан, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 18:09 Сурет: Ақорда
"Сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастық жыл өткен сайын тұрақты түрде нығайып келеді". Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ресей – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 28 миллиард доллардан асты. Оны 30 миллиард долларға дейін жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы Ресей инвестициясы рекордтық деңгейге жетіп, 4 миллиард долларды құрады. Ал осыған дейін Қазақстанға салынған ресейлік инвестицияның жалпы көлемі, біздің мәліметіміз бойынша, 27 миллиард доллардан асты. Өз кезегінде Қазақстан Ресейге тоғыз миллиардқа жуық инвестиция құйды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ президент елімізде Ресей капиталының үлесі бар 20 мыңнан астам компания жұмыс істейтінін баса атап өтті.

"Олар мыңдаған жұмыс орнын ашып, экономикамыздың қарқынды өсуіне зор үлес қосып келеді. Осы қомақты көрсеткіштерден өзара ынтымақтастық деңгейі қаншалықты жоғары екенін аңғаруға болады. Біз мұнымен тоқтамай, үнемі алға ұмтылып, сауда және инвестиция көлемін ұлғайта беруге тиіспіз деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев пен Путин Оралдағы өңіраралық форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: