Мемлекет басшысы: Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Президент Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы біздің ортақ тарихымыз бірліктің үлгісін танытатын сөздердің қай-қайсысынан да артық екеніне тоқталды.
"Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан "Құдай қосқан көрші" деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі", – деді Қазақстан президенті.
Өз кезегінде РФ президент Владимир Путин Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі екенін баса атап өтті.
"Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және тең құқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз", - деді ол.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі деп атаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript