Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресми шара, Қасым-Жомарт Тоқаев, Шахбаз Шариф, мәдени орталықтар, Dostyq спорт кешені, ашылу рәсімі , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 18:46 Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ Dostyq спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Әл-Фараби орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті (Quaid-i-Azam University) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылды. Ғимарат оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сонымен бірге заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен, жиһазбен қамтылған. Орталық базасында қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ.

Сурет: Ақорда

Қаныш Сәтпаев орталығы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) мен Пәкістан ұлттық ғылым және технология университеті арасындағы ғылым, білім беру, сондай-ақ технология салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі уағдаластықтарға сәйкес жұмыс істейтін болады.

Қожа Ахмет Ясауи орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Исламабад Халықаралық ислам университетінің келісімі бойынша ашылды.

Сурет: Ақорда

Dostyq спорт орталығында тоғызқұмалақ және қазақ күресі бойынша пәкістандық федерациялар құру, Қазақстан шахмат академиясының, Qazaq batyry аралас жекпе-жегінің филиалдарын ашу, сондай-ақ екі елдің грэпплинг пен бокс федерациялары арасындағы ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. Қос мемлекет пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды оқыту үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын қолға алмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: