Мемлекет басшысы Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу, Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Грузия, премьер-министр, Ираклий Кобахидзе, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 17:05 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды, делінген 2026 жылғы 23 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрін қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: