«Жуырда кездесеміз!»: Головкин Канелоға сәлем жолдады

Геннадий Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 13:20 Сурет: Instagram/gggboxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Instagram парақшасында қарсыласы Сауль Альвареске үндеу тастады. Спортшылардың кездесуі New York Yankees бейсбол клубының алаңында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл – біздің жекпе-жек аптасы алдындағы соңғы кездесуіміз. 17 қыркүйекте кездескенше! – деп жазды Геннадий Головкин.

Айта кетейік, қарсыластар пресс-тур аясында Yankee Stadium-да болды.

New York Yankees, бүгінгі ойынға құрметті қонақ ретінде шақырғандарыңызға көп рақмет! Қызық болғанымен мен шаршы алаңыма оралайын, – деп жазды Головкин.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек 2017 және 2018 жылдары өткен. Алғашқы кездесу жанжалды түрде тең аяқталса, араға 12 ай салып өткен екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен мексикалық жеңімпаз деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: