Кристал Пэлас-Манчестер Сити: "қалалықтардың" қателесуге құқығы жоқ
Алдағы "Кристал Пэласпен" өтетін матч арақашықты екі ұпайға дейін қысқартудың тамаша мүмкіндігі болады. "Қалалықтар" қойылған мақсатқа жете ме, жоқ па, оны біз осы сенбіде білеміз.
Кристал Пэлас
"Әйнекшілер" турнир кестесінің 12-ші орнында орналасып, алға жылжуға үміт артып отырған жоқ. Жаңа жыл команда үшін оңтайлыболмады, керісінше — соңғы 9 кездесу тең нәтижемен не болмаса жеңіліспен аяқталып келеді. 2023 жылы "Кристал Пэлас" тек 5 ұпай жинады, бұл нәтиже "Борнмуттан" басқа барлық Премьер-Лига клубтарынан аз. Бір қарағанда, "Манчестер Ситимен" өтетін алдағы матч сәтсіздіктер сериясының жалғасуы болып көрінеді.
Шабуыл жағынан әлсіздеу болып отыр. Жыл басынан бері "Әйнекшілердің" қоржынында тек 4 гол бар, соңғы екі матчта бірде-бір гол соқпады және "Астон Вилламен" өткен ойында қақпаға нәтижесіз үш рет қана соққы берген. Алайда, "Кристал Пэлас" "Манчестер Юнайтед" және "Ливерпуль" сияқты алыптармен тең ойын жүргізе алды. Егер барын салып тырысатын болса, "әйнекшілер" "қала тұрғындарының" 3 ұпай туралы арманын сейілте алады.
Манчестер Сити
"Манчестер Сити" АПЛ-дың соңғы 5 ойынының 4-еуінде сенімді түрде жеңіске жетіп, жалпы 12 гол соқты. 2023 жылы бірде-бір команда бұл сияқты нәтижеге қол жеткізе алмады. "Қалалықтар" әр матчта барын салып мықты ойын көрсетіп келе жатқанмен, "Арсеналдың" артында келе жатыр. "Кристал Пэласты" жеңсе, олардың ара қашықтығы екі ұпайға дейін қысқарады және келесі ойын алдында "қызылдардың" қобалжуына әкелетіні сөзсіз. Мұндай нәтижеге жету мүмкіндігі жоғары болып отыр, өйткені қонақ алаңындағы ойындарда Гвардиоланың шәкірттері мықты ойын көрсетуде — "Манчестер Сити" Премьер-Лигадағы қонақ алаңында өткен 31 ойынның тек 3-еуінде ғана жеңіліс тапты.
Жеке кездесулер
Командалар арасындағы соңғы 5 қақтығыстағы жеңісті көбіне "қала тұрғындары" қанжығасына байлап отырғанмен, "әйнекшілер" бір жеңіспен
және тең нәтижемен 4 ұпай жинай алды. Сарапшылар алдағы жекпе-жектің нәтижесі анық деп айтып отырса да, "Манчестер Сити" жолы болмай жүрген қарсыласын есептен шығармауы тиіс.
Parimatch матчқа мына коэффициенттерді ұсынады:
Кристал Пэлас - 8.70, Тең ойын - 5.10, Манчестер Сити - 1.38