Алматыда өткен ММА турнирінде жанкүйер нокаутқа түсіп, мұрыны сынды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 16:40 Сурет: видеодан алынды
Алматыда өткен Hardcore MMA турнирінде кезекті жекпе-жектен кейінгі үзіліс кезінде ұйымдастырушылар көрермендер арасынан ерік танытушылардан екеуді таңдап, октаганға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл екеу кездейсоқ таңдалды. Жекпе-жек бірден нокаутпен аяқталды. Белгілі болғандай, жеңімпаз жанкүйер бокстан спорт шебері болып шықты (алайда алдында екеуінің де спортқа қатысы жоқ деп мәлімделген еді - авт.). Жеңілген көрермен мұрнынан қатты жарақат алды. Жекпе-жекке түсініктеме беруші UFC файтері Рафаэль Физиевтің айтуынша, оның мұрны сынған", деп хабарлайды Sports.ru.


Қазақстанда өткен Hardcore MMA турнирінің басты жекпе-жегі Мұратбек Қасымбай мен Аловсет Мамиевтің арасында өтті. Мұратбек Қасымбай жеңіске жетті. 

Нокаут тіркелген тұсты видеоның 2 минут 16 секундынан бастап тамашалауға болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: