Елена Рыбакина Арина Соболенконы жеңіп, Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Арина Сабаленканы жеңіп, Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалына шықты., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 19:42 Сурет: wtatennis
Бейжіңде (Қытай) WTA-1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Теннисшілер алтыншы рет кездесіп отыр, оның екеуінде қазақстандық, қалған төртеуінде Беларусь өкілі жеңген. 

Матч 1 сағат 34 минутқа созылды. Ойын кезінде Елена Рыбакина 12 эйс пен бір қос қате жасады. Тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Арина Соболенко төрт эйс пен сегіз қос қате жасады.

Енді еліміздің бірінші ракеткасы финалға шығу үшін ресейлік Людмила Самсоновамен (әлемдік рейтингіде 22-орын) кездеседі. Бұған дейін спортшылар үш рет ойнаған - Монреальдың бірінші айналымында (2021) және биылғы жартылай финалда (2023), сондай-ақ Токионың бірінші кезеңінде (2022). Барлық кездесуде ресейлік теннисші жеңіске жетті.

Бұған дейін Ига Швентек Каролин Гарсияны ұтып, Бейжіңдегі турнирдің алғашқы жартылай финалисі атанды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: