Уимблдондағы сенсация: Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2024 09:05 Сурет: instagram.com/wta
Лондонда өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірі - "Уимблдон" додасында қазақстандық Юлия Путинцева сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 35-ракеткасы Юлия үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңіп кетті.

Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл - қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі. 

Юлия Путинцева 1/8 айналымда латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: