Скатов үш ойында қатарынан сәтті ойнап, тамаша ойын өрнегін көрсетті

Скатов, теннис, Италия, Тоди, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 22:57 Сурет: Instagram/skatov_timofey
Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Тимофей Скатов бұл күндері Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетуде. Ол жүлде қоры 90 мың еуродан асатын жергілікті турнирдің үш айналымын тамаша еңсерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Петропавлдыққа осы үш жеңістің әрқайсысы өте ауыр өтті, ол әр матчқа үш сеттен уақыт жұмсады.

12 тамыздан бастап Скатов үш күн қатарынан қарсыластарының әрқайсысымен ойынның соңына дейін бақ сынасты, нәтижесінде ол жартылай финалға жолдама алды.

Бастапқыда Тимофей турнирдің фавориттерінің бірі – перулік Гонсало Буеноны жеңді. Есеп: 4:6, 6:1, 6:1.

Содан кейін жергілікті теннисші Филиппо Романоның кезегі келді, онымен де үш партия ойналды. Есеп: 3:6, 6:0, 6:4.

Ал бүгін қазақстандық Жанмарко Феррариден мықты екенін дәлелдеді. Есеп: 6:4, 6:7, 6:2.

Енді Скатовты итальяндық "Челленджердің" 1/2 финалында Валентин Вашеро (Монако) сынды қиын қарсылас күтіп тұр.

Бұған дейін Almaty Open ұйымдастырушылары тағы төрт теннисшінің турнирге қатысатынын растаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: