УЕФА "Қайрат" үшін Чемпиондар лигасында жаңа үлгідегі доптар дайындады

УЕФА "Қайрат" үшін Чемпиондар лигасында жаңа үлгідегі доптар дайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 19:03 Сурет: Instagram/championsleague
27 тамызда Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қолданылатын жаңа үлгідегі доптарды таныстырды. Бұл кезеңге алғаш рет жолдама алған қазақстандық "Қайрат" та сол доптармен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

УЕФА баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа ресми доптар тек ерлер командалары үшін емес, әйелдер Чемпиондар лигасында да қолданылады.

Мамандардың айтуынша, бұл былғары доптардың дизайны түнгі аспаннан, ғарыштан және солтүстік шұғыласынан шабыт алған.

Ерлер Чемпиондар лигасы үшін дайындалған доп көк және алтын түсті элементтермен безендірілсе, әйелдер додасына арналған нұсқасы жасыл және күлгін реңктерде жасалған.

Екі үлгі де Чемпиондар лигасының жұлдыздарына құрмет ретінде әзірленген. Себебі 2026 жылы ерлер турнирінің финалы Венгрия астанасы Будапештте, ал әйелдер финалы Норвегияның Осло қаласында өтеді.

Айта кетейік, жуырда "Қайрат" тарихта алғаш рет Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің жалпы кезеңіне жолдама алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: