"Реалдың" бұрынғы жұлдызы "Милан" сапында А сериясындағы алғашқы голын соқты

"Реалдың" бұрынғы жұлдызы "Милан" сапында А сериясындағы алғашқы голын соқты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 15:06 Сурет: Instagram/Acmilan
15 қыркүйекке қараған түні италиялық "Милан" футбол клубы А сериясының үшінші туры аясында "Болоньяны" 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз әрі жеңіс голын 40 жастағы Лука Модрич соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы ойыншысы кездесудің 61-минутында Алексис Салемакерс берген паспен мүмкіндікті мүлт жібермей гол соқты.

Модрич үшін бұл — италиялық чемпионаттағы "қызыл-қаралар" сапындағы үшінші ойыны. Қазіргі таңда оның еншісінде бір гол мен бір нәтижелі пас бар.

Ал оның клубы қазіргі уақытта А сериясының үздік бестігінде тұр, жинаған ұпайы — алты.

Бұған дейін Темірлан Анарбеков "Ақтөбеге" қарсы матчта жақ сүйегін сындырып алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: