Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияда өткен Гран-приде екі медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды.
Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript