Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды
Сурет: olympic.kz
Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадыраев 1/8 финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалға шығу үшін өткен белдесуде Жадыраев сербиялық Алекса Иличпен кездесіп, 8:6 есебімен басым түсті.
Өкінішке қарай, Альмир Төлебаев (82 келіге дейін) пен Марлан Мұқашев (55 келіге дейін) 1/4 финалға шыға алған жоқ.
Төлебаев молдовалық Михаил Брадаға, ал Мұкашев Артем Делянуға есе жіберді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript