Загреб қаласында өткен ӘЧ: Тоқаев бірқатар спортшы мен бапкерді марапаттады

Медаль, орден, Тоқаев, марапаттады, спортшылар, Айдос Сұлтанғали, Нұрқожа Қайпанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 20:10 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған құжатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Сонымен, "Құрмет" орденімен:

  1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айдос Сұлтанғали;
  2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Нұрқожа Қайпанов;
  3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалі:

  1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Асылжан Есенгелдіге;
  2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаевқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:

  • Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға жарияланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: