Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді марапаттады

Президент Жарлығы, Қасым-Жомарт Тоқаев, мемлекеттік награда, Паралимпиада жүлдегерлері, бапкерлері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 11:43 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды", делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Атап айтқанда:

  • Алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич

І дәрежелі "Барыс" орденімен,

  • Науатбек Ақмарал Маратқызы

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды.

  • Күміс медальға қол жеткізген Ғаббасов Еркін Тілеуғабылұлы, Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали "Парасат" орденінің кавалерлері атанды.
  • "Құрмет" орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан Мұратұлы, Райфова Зарина Райфқызы, Федосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы марапатталды.
  • Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа "Парасат" ордені, 7 адамға "Құрмет" ордені берілді. Сонымен қатар екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: