Қазақстан құрамасының қазан айындағы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчтарына кеңейтілген құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының қазан айындағы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчтарына кеңейтілген құрамы жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2025 18:46 Сурет: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге (10 қазан) және Бельгияға (13 қазан) қарсы ойындарда өнер көрсететін ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар оқу-жаттығу жиыны 1 қазанда Астанада басталатыны айтылды.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген сапына 38 ойыншы енді.

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес").

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы"), Әлібек Қасым, Бақдәуіт Қайров (екеуі – "Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі – "Тобыл"), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі – "Қайрат"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай").

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов, Дәурен Жұмат (екеуі – "Оқжетпес"), Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі – "Жеңіс"), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай, Ғалымжан Кенжебек (үшеуі – "Елімай"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі – "Ордабасы"), Дамир Қасаболат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Айбол Әбікен ("Қайсар").

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев (екеуі – "Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Алияp Мұхаммед ("Оқжетпес"), Иван Свиридов ("Елімай"), Рамазан Кәрімов ("Астана").

Қазақстан футбол федерациясы, қазанда ел құрамасы екі ойын өткізетінін еске салды: 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнге қарсы, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды.

Екі матч та 2026 жылғы ӘЧ іріктеу турнирі аясында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: