2026 жылғы ӘЧ іріктеуіне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды
Сурет: instagram/kff_team
Бас бапкер кейінгі уақытта ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен 25 ойыншыны таңдады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы").
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы").
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо", Мәскеу), Рамазан Оразов, Алмас Төлюбай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Даурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де "Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Дәмир Қасаболат ("Қайрат").
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай").
Оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.
Қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 4 қыркүйекте өз алаңында Уэльспен ойнаймыз, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы кездесеміз.
Ал бұл ойындар алдында қазақстандық жанкүйерлердің назары тарихи нәтижеге жақын тұрған "Қайратқа" ауды – команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға бір қадам қалды.